Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 23 тамыз сағат 16:00-дегі жағдай бойынша елімізде 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 65,37%-ын құрайды.
Өңірлер арасында дауыс беруге қатысу көрсеткіші ең жоғары Қызылорда облысында – 81,38%. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы – 79,33%, Жетісу облысы – 77,03%, Түркістан облысы – 76,73% және Ақтөбе облысы – 75,63% орналасқан.
Ақмола облысында сайлаушылардың 73,69%-ы, Абай облысында 71,18%-ы, Қарағанды облысында 70,91%-ы, Қостанай облысында 70,09%-ы дауыс берді.
Қалалар бойынша Шымкентте сайлаушылардың 67,92%-ы, Астанада 46,38%-ы, Алматыда 36,65%-ы дауыс беруге қатысты.
Қалған өңірлердегі көрсеткіштер:
- Алматы облысы – 67,23%;
- Атырау облысы – 63,37%;
- Батыс Қазақстан облысы – 61,81%;
- Жамбыл облысы – 69,11%;
- Маңғыстау облысы – 65,86%;
- Павлодар облысы – 67,06%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 63,94%;
- Ұлытау облысы – 64,29%.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 18:00-де жарияланады.