Атырау халқы құрылтай сайлауында 278 сайлау учаскесінде дауыс берді

Атырау халқы құрылтай сайлауында 278 сайлау учаскесінде дауыс берді.  Өңірде 428 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.  Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін  145 инватакси жұмысы ұйымдастырылып, 14 сурдоаудармашы көмек көрсетті.  Өндірісті өңірге  вахталық әдіспен жұмыс істеуге  келген 300ден астам   өзге облыс  тұрғыны  да саяси додадан шет қалған жоқ. Ел тарихындағы айтулы саяси шараны мерекеге айналдырып,  дауыс беруге ерекше келген ұжымдар да бар.

№ 8 сайлау учаскесінің алды думанға толы. Жастар театры өнерпаздары дауыс беруге  ретро көлікпен келді. Өздері де 80-жылдар стилінде киінген. Сайлаушыларға  ән мен биден шашу шашты.

ЖАСҰЛАН ҚАЙЫРОВ, ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРЫ:

Ел болашағы жастардың ққолында деп көп айтып жатады ғой. Соған байланысты бейжай қарамай өз дауысмызды беріп,  елдің болашағына өзгерістерге әкелуге, әдемі шақтарға, әдемі кезеңдерге өтуге өз дауысымызды беру керек деп ойлаймын.

Жүгіруді өмір салтына айналдырған белсенділер де  ұжым боп келді. Салауатты өмір салтын ұстанғандар ел болашағына қатысты шешім қабылдауда  қалтарыста қалмаймыз,- дейді. Аймақта  278 сайлау  учаскесіне 428мыңнан астам сайлаушы тіркелген.  

ӘСИЯ ҚЫСТАУБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ  ТӨРАҒАСЫ:

Көптеген байқаушылар да жұмыс жасауда. Соның ішінде, шетелдік және халықаралық ұйымдардан келген байқаушылар.  Олар тек облыс орталығында емес. Сонымен қатар аудандарда өздерінің байқау жұмыстарын  жүргізіп жатыр.

Сайлау учаскелерінің алдында азық-түлік пен мектеп тауарларының  жәрмеңкелері   ұйымдастырылды.  Сайлаушыларды қоғамдық көлік тегін тасымалдады.