Құрылтай сайлауына орай ұйымдастырылған жалпыұлттық онлайн-марафон жалғасуда

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2026

Құрылтай сайлауына орай ұйымдастырылған жалпыұлттық онлайн-марафон жалғасуда.  Медиамарафон аясында сарапшылар «Халықтық Конституция» тақырыбын талқылап, реформалардың мәнін түсіндіруде. Сонымен қатар, алаңда мемлекеттік басқару тетіктерін дамытумен қатар, қоғамдағы азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері  сөз болды.

АЙДАНА ҚҰЛМАН, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

"Таза Қазақстанның" өзі де ең бірінші біздер экологиялық бастама емес Президентіміздің көзқарасы бойынша бұл біздің жауапкершілігімізді көрсетіп тұр. Яғни "Таза Қазақстан" біздің қаншалықты қоршаған ортаға жауапты екенімізді айқындайтын алғашқы, өте керемет бір акция деп ойлаймын.

Медиамарафон аясында түнгі 12-ден кейін Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі алғашқы Exit Poll нәтижелері белгілі болады. «Хабар» телеарнасы мен Жетінші арна студияларынан Қоғамдық саясат институты өзінің зерттеу қорытындыларын жариялайды. Бұл  жасанды интеллект көмекшісінің қатысуымен өтеді. Ал  «Qazaqstan» телеарнасының онлайн-марафон студиясы экранында бірден үш Exit Poll - Қоғамдық саясат институты, Еуразиялық интеграция институты және «Социс-А» зерттеулерінің нәтижелері көрсетіледі. Осы шараны біздің телеарна да тікелей эфирде көрсетеді. Қапы қалмаңыздар!