«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлау қорытындысы бойынша сайлаушыларға үндеу жасады

Фото: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сайлау қорытындысы бойынша сайлаушыларға үндеу жасады

Ол сайлаушыларға білдірген сенімі мен қолдауы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ партияның халық алдындағы жауапкершілігіне тоқталып, алдағы уақытта партия бағдарламасын жүзеге асыруға басымдық берілетінін жеткізді.

«Сайлауалды науқан кезінде еліміздің әр өңірін аралап, талай азаматпен жүздестік. Әр кездесуде халықтың мұң-мұқтажын, ойы мен ұсынысын өз аузынан естідік. Айтылған әр пікір біз үшін маңызды, олардың барлығы алдағы жұмысымызда ескеріледі. Бұл сайлау ашық, әділ әрі айқын өтті. Саяси партиялар арасында шынайы бәсекелестік болды. Сіздердің сенімдеріңіз біз үшін үлкен жауапкершілік. Біз халықтың үмітін ақтау үшін аянбай еңбек етеміз. Бізге сеніп, «Әділет» партиясын қолдаған әр азаматқа шын жүректен алғыс айтамыз!», - деді Айбек Дәдебай.