Қазақ күресінен ӘЧ: Қазақстан құрамасы үш алтын жүлде алды

Сурет: Qazaq Kuresi қауымдастығының баспасөз қызметі

Әзербайжанның астанасы Баку қаласында қазақ күресінен ересектер арасында жалауы желбіреген әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы 3алтын медальді жеңіп алды.

Baku Sports Hall спорт кешенінде өтіп жатқан дүбірлі додаға 24 елдің балуандары қатысып, ерлер мен әйелдер арасындағы 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салып жатыр.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында барлық салмақ бойынша толық құраммен өнер көрсетуде.

Алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында 55, 60, 66 және 74 келі, әйелдер арасында 48, 52, 56 және 60 келі салмақ дәрежелерінің чемпиондары анықталды.