Сайлауға 9 млн 351 мың адам қатысты

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құрылтай депутаттарын сайлауға 9 млн 351 мың адам қатысты. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. 

Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларынан келіп түскен жедел деректердің негізінде Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 23-ші тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялау мүмкіндігі бар. Кеше күні бойы өзекті онлайн режимде өңірлердің жедел деректері негізінде Орталық сайлау комиссиясы азаматтардың сайлауда дауыс беруге қатысу барысы туралы жұртшылықты БАҚ арқылы тұрақты хабардар етіп отырды. 7 брифинг өткізілді. Барлық ақпарат мүмкіндігінше тез ұсынылды, - деді ол.

Комиссия төрағасының айтуынша, осы уақытқа дейін еліміздің барлық өңірінде және шет елде барлығы 10 423 сайлау учаскесінде дауыстарды санау аяқталды. Қазіргі уақытта аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың электрондық көшірмелерін ұсынды, - деді Нұрлан Әбдіров.

Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, сайлаушылардың нақтыланған тізімдеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы сайлаушыларының жалпы саны 12 623 289 адамды құрады. 

 Оның ішінде цифрлық үкімет порталы мен азаматтарды тіркелген жері туралы мәліметтерді тексеру және дауыс беру учаскелерінің мекенжайлары бойынша азаматтарды тіркеу онлайн сервистері арқылы 9 865 адам енгізілді. Сайлауға 9 351 539 адам немесе тізімге енгізілген азаматтардың 74,08 пайызы қатысты, - деді ол.