Жанаталап ауылында ТЖМ қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 1940 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Ер адам 23 тамыз күні таңертең үйінен белгісіз бағытта шығып, жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстарына кинологиялық топ пен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.
Іздестіру нәтижесінде ер адам Жанаталап ауылынан 2 шақырым қашықтықтағы ашық жерден табылды.