Полицейлер Расул Амануллин және Болатбек Есенжанов Атырау - Индер тасжолының 70-шақырымында велосипедпен жол бойында жүрген 8 жастағы баланы байқап, қасына барған.
Сақшылар баламен сөйлесу барысында оның әкесінен адасып қалғанын анықтаған. Бала әкесінің байланыс нөмірін айтып берген. Полиция қызметкерлері дереу көрсетілген нөмірге хабарласып, бес минут ішінде баланың әкесін тауып, баланы аман-есен тапсырды.
Баланың әкесі полиция қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, баласының қауіпсіздігіне бейжай қарамағаны үшін алғысын білдірді.