«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізіледі

Фото: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының 1194–1209 (27–42) шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Жөндеу жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 24 тамыздан 10 қыркүйекке дейін күн сайын сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін аталған учаскеде, яғни Жібек жолы – Қаскелең аралығында, көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

– Жол жөндеу жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында көлік қозғалысы айналма жол арқылы ұйымдастырылады. Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол белгілері мен қозғалысты реттеушілердің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, - делінген хабарламада.