Ақтөбеде есірткіні таратқан күдіктілер ұсталды

фото: Polisia.kz

«Қарасора» жедел-профилактикалық операциясы кезінде полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік аймағында есірткіні жасырып сатқан екі күдіктіні ұстады.

Ұсталғандардың бірін тінту кезінде ішінде жасыл түсті зат салынған 246 орама анықталып, тәркіленді. Содан кейін полицейлер тағы 133 ораманы тәркіледі. Күдіктілер есірткіні Telegram мессенджеріндегі интернет-дүкен арқылы сатып алып, оны көзден жасырып, сатып отырған.

Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу болып жатыр.