Халықаралық байқаушылар Құрылтай сайлауына оң баға берді

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2026

Халықаралық байқаушылар Құрылтай сайлауына оң баға берді. Олар дауыс беру процесінің ұйымдастырылуы мен ашықтығы жоғары деңгейде болғанын атап өтті. Сайлау учаскелеріндегі жұмыстардың талапқа сай жүргізілгені, дауыс беру барысының заңнамаға сәйкес өткенін айтты. Байқаушылар Қазақстандағы сайлау процесіне жасалған өзгерістер мен ұйымдастыру деңгейін де оң бағалады.

НАТАЛИЯ ПАВЛЮЧЕНКО, ШЫҰ БАЙҚАУШЫСЫ:

Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларымен де, байқаушылармен де ауқымды жұмыс жүргізгенін ерекше атап өткім келеді. Оқыту жұмыстарының бірыңғай стандарттары қалыптастырылған, кәсіби команда жұмыс істеді. Бұл жерде барлық сайлау учаскелерінің ел бойынша бірыңғай стильде безендірілгені өте маңызды. Барлығы қолжетімді әрі көрнекі түрде ұйымдастырылған. Бұл сайлаушылар үшін, олардың өз еркін білдіруі үшін жақсы жағдай жасайды.

Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының миссиясы сайлау учаскелерін аралап, дауыс беру мен дауыстарды санау барысын бақылады. Байқаушылар сайлау ашық әрі ұйымдасқан түрде өтіп, сайлаушылар өз таңдауын еркін жасағанын атап өтті. Сондай-ақ дауыс беру ережесі сақталған және ұлттық заңнама мен халықаралық талаптарға қайшы әрекеттер байқалмаған.

ФИЛИЗ КЫЛЫЧ, ТҮРКПА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сайлау өте жақсы өтті, халықтың қатысуы да жақсы болды. Демократиялық әрі барлық ережеге сәйкес өткізілді. Әсіресе әйелдерге 30% квота берілуі, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жастарға мүмкіндік жасалуы, сондай-ақ көзі көрмейтін азаматтарға Брайль жүйесінің енгізілуі бізге өте ұнады.