Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2026

Түркістан облысында түнде белгісіз біреулер тұрғын үйге басып кіріп, үй иесін бірнеше сағат бойы соққыға жыққан. Әйелдің жүзінде сау-тамтығы жоқ. Тұрғын үйдің терезелері шағылып, ішіндегі заттардың астаң-кестеңін шығарған. Қылмыскерлер үйден ақша іздеген болуы мүмкін деген болжам бар. Шабуылдан кейін күдіктілер жәбірленушінің ұялы телефонын тартып алып, бой тасалаған. Желіде тараған кадрларда әйелдің денесінен көптеген жарақаттар мен бетінің қатты ісіп кеткенін көруге болады. Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы тұрақты, денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Түркістан облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

БАУЫРЖАН ЗИЯТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Полиция күдіктілерді тез арада ұстауға бағытталған тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Барлық жағдайлар анықталуда. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.