Павлодарда асфальт опырылып, 1 адам жарақат алды

Павлодарда асфальт опырылып, 1 адам жарақат алды. 35 жастағы азамат 4 жастағы ұлымен  қыдырып жүрген. Аяқ астынан жер опырылып кетіпті. Әкесі баласын ұстап үлгерген. Алайда, жердің астында ыстық су болған көрінеді. Жігіттің аяғы күйіп қалды.  Бала зардап шеккен жоқ. «Павлодар жылу желілері» мекемесі  бұл аумақта жылу құбыры жарылғанын, келеңсіз жағдай содан болғанын хабарлады. Ал зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ:

1991 жыл туған ер адам Павлодар қалалық № 1 аурухананың күйік бөліміне жатқызылды. Оған екі аяғының күюі деген диагноз қойылды. Күйік орны - 7 пайыз. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланады.