2030 жылға қарай Қазақстанда жаңартылған энергия көздерінің үлесі 15 % асады

Жер жаһанда климат уақыт өткен сайын өзгеруде. Әсіресе, орташа жылдық температураның көтеріліп келе жатқаны көпшілікті алаңдатады.  Соңғы 115 жылда  бұл көрсеткіш Қазақстанда +5 C  артып отыр. Болашағымыз тіршілік нәрін қаншалықты ұтымды пайдалана алатынымызға байланысты. Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын көрсетті. Қарт Каспийге де қауіп төне бастады. Қателікке тағы жол бермеу үшін Қазақстан қандай үлес қосады?

Жаһандық жылынуды 1,5 °C дейін шектегеннің өзінде 2050 жылға қарай өңірдегі температура тағы 2-2,5 °C-қа өседі дейді сарапшылар. Салдарынан құрғақшылық етек жайып, ауыл шаруашылығы 10 процентке қысқарады. Ал 50 жылдан соң өрт қаупі 13 пайызға ұлғаюы мүмкін. 80 жылдан кейін жауын-шашын мөлшері 26%-ға төмендейді деген болжам бар. Бұл - құрғақ статистика емес. Бұл - жаһандық экоапат.

ВУДЖИН ЛИ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОЛОГИЯ ЖҮЙЕСІ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Астанада биыл ерекше ыстық. Жаңбыр аз. Бұл климаттық өзгеріс жақандық жылынудың салдарынан болып жатыр. Қазақстан Париж хаттамасына қосылып, көмірқышқыл газы деңгейін 15 пайызға азайтып, температураны 1,5 градус шегінде ұстап тұру шартына келіскен. 2025 жылға дейін барлық мемлекеттер  есеп өткізуге тиіс еді. Алайда іс жүзінде көптеген елдер шартты орындамады.

Орталық Азия аймақтарына тән ортақ мәселе көп.  Алдыңғы орында ауаның ластануы тұр. Өңірдің ірі қалаларында, лас ауа деңгейі қыста Дүниежүзілік ДСҰ  ұсынған нормадан  12 есе асып түседі. Бұл халықтың денсаулығына тікелей әсер етіп отыр. Қазақстан бұл ретте 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15 пайыздан асырмақшы.  Ал  ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды 35 пайызға қысқартпақ.

СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Алдымыздағы экологиялық кодекске сәйкес 8 жылдың ішінде осының бәрін қалай азайту жолдарын қарастырып жатырмыз. Бірақ бұл көмір болғаннан кейін + оны толық алып тастауға әлемде әлі технология жоқ. Сондықтан оны азайту мәселесі бірінші. Екіншісі жаңа саланып жатқан барлық қондырғыларды толық жаңа, таза көмір технологияларын қолдану. 8 жаңа, 11 істеп тұрған көмір станцияларын күрделі жөндеуден өткізу жоспары бар.  

Әлемдік уран экспортының шамамен 40 пайызын қамтамасыз ететін Қазақстан көміртексіз электр энергетикасын дамытуды құптайды. Алғашқы атом электр станциясының жобасы да дайындалуда. Былтыр желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта  БҰҰ агенттігі қызметін атқаратын «Халықаралық су ұйымын» құру жөнінде ұсыныс білдірген. Астанада өткен сәуірдегі саммитте аталған ұйымды жасақтаудың алғашқы іргетасы қаланды.