Қызылордалық ғалымдар су үнемдеудің тың жолдарын қолға алып жатыр

Қызылордалық ғалымдар су үнемдеуге сеп болатын жаңа бағдарлама құрастырды. Тың жоба су ағысын, көлемін электронды түрде есептеп отырады. Ал оны көру үшін саға жағалап жүрудің қажеті жоқ.

Судың әр тамшысын үнемдеп, дұрыс бағытта пайдалану -бүгінгі күннің талабы. Әсіресе, шаруашылықтар оның маңызын өзгеден артық түсінеді. Сондықтан ғалымдар тобы жаңа жоба жасау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ол судың қай арнаға қанша көлемде жіберілгенін және ағысын, оған өсімдіктердің кедергісін толық есептеуге мүмкіндік береді дейді.

РЫСБЕК МОЛДАШ, ҒАЛЫМ:

Су атызына жеткізу үшін қаншалықты су жетіп жатыр. Берген суымыз барып жатыр ма, қандай мөлшерде, қандай кедергілер. Осының гидровикалық кедергілерін біз зерттеуге жұмылдырып жатырмыз. Қолжетімді бағдарлама жасап, приложение дейміз ғой. Соларды жасап кәдімгі қолда ұстап жүрген телефоныңызбен анықтап беруге болады тұтынушыларға.

Биыл аймақта тез пісетін күріш дәндері себіліп, егіс алқаптары біршама қысқартылған болатын. Бірақ су үнемдеуде оны есептеу, бақылау  да маңызды дейді мамандар. Сондықтан да Ыбырай Жахаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ  алқабына автоматтандырылған 7 құрылғы орнатқан. 

ЖАНҰЗАҚ БАЙМАНОВ, Ы.ЖАХАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қанша су бас сағадан алынды. Қаншасы күріш атызына берілді, қаншасы қашыртқыланды біз біліп отырмыз. Солай біз күріштің өсіп өнуі үшін нақты қанша су керегін біз есептеп, өндрісіке енгізіп, алдағы уақытта осы нормативтік құжаттар дайындайтын боламыз.

Суды үнемді пайдалану бүгінгі күннің ғана емес, болашақ үшін маңызды. Сондықтан тыңнан түрен мсалған мұндай жобалар – әр тамшыны тиімді пайдалануға бастайтын нақты қадам.