ҚР Көлік министрлігі жасанды интеллектке негізделген жаңа жобаларды таныстырды

Елімізде барлық қатынас және жолаушы тасымалдау түрлерінің Жасанды Интеллектке негізделген жүйесі болады. Ол арқылы Көлік министрлігі жолаушы тасымалдау жиілігі, автомобиль жолдарының сапасы мен ағыны туралы күнбе-күн ақпарат алады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, пилоттық жоба басталып та кетті. Бастапқыда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына енгізіле сала, барлық облыстар да қамтылады. Осылайша, жан-жақты қауіпсіздік қамтамасыз етілмек. Тура осында жүйелер теміржол мен әуе қатынасында да қолға алынып жатыр.

ТОМАС ПРАМОТЕДХАМ, PRESIGHT AI БАС ДИРЕКТОРЫ:

Қазақстанның Көлік министрлігіне ризашылығым шексіз. Бірге жұмыс істеп жатқанымызға 3 жыл болды. Біз үшін керемет жоба әрі үлкен тәжірибе. Мемлекеттеріңіз әлемде теңдессі жоқ бағдарламаларды іске қоспақ. Осылайша, осы уақытқа дейін көлік қатынасында қабылданған шешімдер қайта қаралып, мониторинг жасалады. Одан кейін, жаңа ақпаратқа сәйкес, жолаушыларға да, өзгелерге де тиімді жаңа шешімдер қабылданады. «Е-жолдар» деп аталатын жоба барша қазақстандықтарға орасан-зор тиімді шешім болмақ.

Ал, әуежайға шетелден келіп қонатын азаматтардың уақытын үнемдейтін әрі туристердің жайлылығын қамтамасыз ететін смарт-жоба әлемнің 13 елінде ғана бар. Ол қатарға Қазақстан да қосылды. QazETA барлық тексерістен 15 секунд ішінде өтуге мүмкіндік береді.

ДАМИР ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Шетелден келген, яғни, әуежайға қонған адамдарға жайлы жағдай жасау – Қазақстанның имиджін жақсартып, туристік әлеуетімізді арттырады. Бірақ, бұл тек бір қыры. Себебі, осы арқылы елімізге кім кіріп отыр, қандай мақсатпен келді? Заңсыз миграция қаупі жоқ па? Осы сұраққа бірден жауап алып, қауіпсіздікті бақылай аламыз.