Шығыста қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2026

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады. Бұл аймақтарға циклон әсер етіп, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жауын, бұршақ пен дауыл күтіледі. 26-27 тамызда шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбырдың арты қар аралас жаңбырға ұласуы мүмкін. Ал батыс пен оңтүстікте жауын-шашынсыз, негізінен құрғақ ауа райы сақталады. Дегенмен, елдің басым бөлігінде күн жылы болады. Солтүстікте ауа температурасы +25, +32, орталық пен оңтүстікте +25, +35 градусқа дейін көтеріледі.