24 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 19:31-де ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» сейсмикалық станциялар желісі арқылы жер сілкінісін тіркеді.
Сілкініс ошағы - Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 км жерде орналасқан.
Үлкен-Нарын ауылында жерасты дүмпуі 2 балл шамасында сезілді.