Жамбылдық тұрғын мейіргерді ұрып өлтірді. Марқұм аудандық емхананың хирургия бөлімінде жұмыс істеген. Қанды қылмыс Аса ауылында болды. Ауыл тұрғыны орта медицина қызметкерін ауыл сыртына шығарып алып, ұрып-соққан. Өлімше етіп сабап өз көлігіне салып алып аурухананың ауласына «жолдан тауып алдық» деп тастап кеткен көрінеді. Соққының ауыр болғаны соншалық ол азамат сол жерде көз жұмған. Бұл қылмыстық іс бойынша полиция күдіктіні қолға түсіріп, тергеуді бастады. Сот сараптама тағайындалды.
БАҚТИЯР БИХОЖАЕВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Аталған дерек бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде ұсталып, сот санкциясымен қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.