Түркістан облысында ағайынды екі жігіт суға кетті

Түркістан облысында ағайынды екі жігіт суға кетті. Қайғылы жағдай Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі аумағында болды. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше, екі ағайынды азамат суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Біреуі батып бара жатқанда екіншісі   оны құтқаруға әрекет жасаған. Алайда, екеуі де қаза тапты. Біреуінің денесі кеше судан шығарылды, бүгін жерленді. Ал екіншісінің мәйіті бүгін табылған.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ:

Іздеу жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері, полиция, жедел жәрдем мамандары, жергілікті тұрғындар мен марқұмның туыстары жұмылдырылды. Жалпы 90-ға жуық адам, арнайы техника, жүзу құралдары және дрон тартылды. Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды суға түсуге тыйым салынған жерлерде шомылмауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.