Қандас мәртебесін алудың жаңа жүйесі енгізілді

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2026

Қандас мәртебесін алудың жаңа жүйесі енгізілді. Жалпы қандастардың басым бөлігі Қытай мен Өзбекстаннан келеді. Азаматтардың шамамен 85 пайызы осы екі елдің үлесінде. Ал қандастарды қоныстандыруға басымдық берілген 7 өңірге тұрақтаған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету тетіктері қарастырылған. Бүгінде елге оралған отандастарымыздың қандас мәртебесін алу онлайн жүйеге оңтайландырылған.

НҰРБОЛ БАЙСЫНОВ, ҚР ЕХӘҚМ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Бірінші кезекте олар қазақ тілінен тест тапсыру қажет. Екіншіден, сауалнаманы толтыру керек. Үшіншіден, осы біздің құқық қорғау органдарында тексеруден өтеді. Төртіншіден, жергілікті атқарушы органдардан немесе біздің шетелдегі мекемелерден собеседованиеден өтеді.