Жасы ұлғайса да, жігері жасымаған. Ақтөбелік қариялар «Белсенді өмір сүру» орталықтарына барып, пайдалы уақыт өткізеді. Бірі дене шынықтырса, енді бірі білімін жетілдіріп, қолөнермен айналысады. Мұнда уақытты өткізудің емес, өмірді мәнді етудің жолын тапқандар бас қосады.
Қалада 10 «Белсенді өмір сүру» орталығы бар. Әлеуметтік жобаға бүгінде шамамен 300 адам мүше. Үйірмелердің барлығы тегін. Йога, психология, арт-терапия, қолөнер, аэробика, үстел ойындары мен тренажер залы. Әркім қалағанына барады.
НҰРСҰЛУ ТАЙПАҚОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:
Бәріміз де қазір кәдімгідей сауаттанып, негізі есік алдында шаң-шаң болып отырған әжелер едік, аталар едік. Міне үкімет біздің сауабымызға қалып жатыр. Аталар жоқ, сол бізге дефицит ата.
Зейнеткерлер денесін ғана емес, миын да жаттықтырады. Олардың жасы 66 мен 86 ның аралығында. Ағылшын тілін үйреніп, есеп те шығарады. Өйткені есте сақтау қабілетін шыңдау да -белсенді өмірдің бір бөлігі.
ВАЗИХ АХТАЕВ, «БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Бұл енді әрине үлкен кісілерге өте пайдалы, керемет жоба, бұл- әлеуметтік жоба. Осы центр занятости и социальных програм заказчик основной. Сол бойынша осымен айналысамыз. Оның ішінде йога, ЛФК деген занятиялар бар. Арт терапия, рукоделия бар,психология бар. Қосымша көп.
Орталық мүшелері қарттар үйінде концерт қояды, балалар үйіне барады, қоғамдық шараларға белсенді қатысады. Мерекелік шараларда ән шырқайды.
«Белсенді өмір сүру» орталығының басты мақсаты да осы-қариялардың көңіл-күйін көтеру, денсаулығын нығайту әрі өздерін қоғамға қажет сезіндіру. Өйткені зейнетке шығу -өмірдің соңы емес.Бұл-өзіңе уақыт бөліп, жаңа қырларыңды ашатын өмірдің жаңа кезеңі.