Биыл Солтүстік Қазақстан облысына көші-қон бағдарламасы аясында 740 отбасы қоныс аударды

Биыл Солтүстік Қазақстан облысына көші-қон бағдарламасы аясында 740 отбасы қоныс аударды. 2800-ден астам адам 9 өңірден көшіп келді. Басым бөлігі Түркістан және Алматы облысынан. Сала мамандарының айтуынша, жыл сайын квота 5-10 пайызға көбейеді. Осы уақытқа дейін игі жоба аясында 18 мыңнан астам адам теріскейге қоныс аударған. 

ГҮЛҒАЙША ІЛИЯСОВА, “ЕҢБЕК” МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Үкімет тарапынан қоныс аударушыларға ең біріншіден көшуге арналған шығынды өтеп береді үкімет тарапы. Ол дегеніміз кісі басынан 302 мың теңге. Алты айдан кейін төлеп береді жалға алып отырған үйін. Үшіншіден, бір жыл төңірегінде 12 ай бойы тұрып, онда оларға 7 млн-ға дейін үкімет тарапынан көмек көрсетіліп, үй сатып алуға болады.