Бірінші сессия сағат 11-ге белгіленді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 тамызда Құрылтайдың бірінші сессиясын өткізу туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-дe Астана қаласында шақырылсын", – делінген қаулыда.
Еске салайық, Қазақстанда алғашқы Құрылтай сайлауы 23 тамызда болды. Оның нәтижесі бойынша Құрылтайға бес партия өкілдері депутат болады:
"Әділет" – 110 адам,
"Ауыл" – 10 адам,
Respublica – 9 адам,
"Ақ жол" – 8 адам,
ЖСДП – 8 адам.