Меркіде көз жұмған 19 жастағы келіншектің ісіне қатысты жаңа жеректер шықты
Жан Ахмадиев Меркіге қайта жолға шыққанын мәлімдеді.
“Ертең Таразға жолға шығамыз. Себеп — Мадияр әлі күнге дейін қамауға алынбады. Неге? Тергеу қай деңгейде? Полиция неге нақты әрекет етпей отыр? Осы сұрақтардың жауабын талап ету үшін Таразға бара жатырмыз. Мадина ісінде әділдік орнамайынша, тоқтамаймыз”, - деп жазды ол.
Меркі ауданында 19 жастағы Мадина Рашидқызының қазасына қатысты іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ашық дереккөздерде марқұмның артында сәбиі қалғаны, қайғылы жағдай алдында күйеуімен «Барни» тәттісіне байланысты жанжал болғаны және Мадинаның құрбысына жазған хаттарында күйеуінің өзіне қол көтергенін айтқаны жарияланды. Мадина кейін күйеуінен кетіп, ажырасуға ниетті болғаны да хабарланған.
Сонымен қатар марқұмның туыстары оның денесінен көгерген және жарақат іздерін көргенін айтып, өлімнің мән-жайына күмән келтірген. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған, ал құқық қорғау органдары өлімнің нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Әлеуметтік желіде тараған мәліметтер мен туыстарының мәлімдемелері әзірге тергеудің ресми қорытындысы болып саналмайды.