Атырау облысы тұрғынынан Конго-Қырым гемморрагиялық қызбасы анықталды. Қауіпті вирустық инфекцияны Исатай ауданының 14 жастағы жасөспірімі жұқтырған. Жағдайы ауыр болғандықтан, облыстық инфекциялық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Зертханалық сараптама нәтижелері ауруды растады. Телемедициналық консультация арқылы республикалық мамандармен келісу арқылы ем жүргізілді. Қазір науқастың жағдайы қалыпты. Палатаға ауысқан. Мамандардың айтуынша, инфекцияның негізгі көзі - кененің шағуы, сондай-ақ науқастың қанымен немесе ауру жануарлармен қарым-қатынас. Дәрігерлер бұл диагноздың аймақта алғаш рет тіркеліп отырғанын айтады. Қызынан соң дене қызуымен әкесі де түскен. Алайда одан қауіпті вирус анықталған жоқ.
ӘЛИЯ ЖАНҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Атырау облысында бұл ауру алғаш рет анықталып отыр. Себебі Қазақстанның Батыс өңірі бұл ауру бойынша эндемиялық аймаққа жатпайды. Әдетте бұл дерт Қазақстанның Оңтүстік өңірлерінде кездеседі. Егер дене қызуының көтерілуі, өне бойдың қалтырау, құсу, іш өту сияқты белгілер пайда болса және кене шағу фактісі болса, өз бетінше емделмей, бірден медициналық көмекке жүгіну қажет.