Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 127 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2026

16 қабатты үйдің 9-қабатындағы пәтерде жиһаз өртеніп, ғимаратты қою түтін басқан. Төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялауға кірісіп, жедел штаб құрды. Нәтижесінде 42 адам баспалдақпен, тағы 85 адам, оның ішінде 4 бала, құтқару қалпақтарымен қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ҒАЛЫМЖАН ЕСПОЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨСКҚ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ:

Шұғыл түрде жедел штаб жұмысы ұйымдастырылып, газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары тұрғындарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарына жіберілді, өрт сөндіру автосатысы орнатылды.