Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Үшқұдық ауылында ауыз су мәселесі шешімін таппай тұр. Мың жарымнан астам халқы бар елдімекенде су қысымы төмен. Қолданыстағы жүйе халықты толық қамтамасыз ете алмайды. Енді ауылда салынып жатқан ет комбинаты тұрғындардың алаңдаушылығын тіпті күшейтіп отыр. Жұрт жаңа өндіріс іске қосылған соң су тапшылығы одан әрі сезіле ме деп қауіптенеді.
Өндіріс іске қосылса, су тұтыну көлемі еселенеді. Тұрғындар ішіп отырған суымыз өндірістің қажетіне кетіп, қиналып қаламыз ба деп қауіптенеді.
БАТЫР ЕСЕНЖАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Ауылдың қасынан салып жатқан мясокомбинатқа резко жасап жатыр. Соған біздер қарсымыз. Суымызды 160 мтерден 3 скважин қазып берді. Сол скважиннің біреу ма қалды.Неше жылдан бері ремонттамай жатыр.
ҚАЛИЖАН ІЗБАҒАНБЕТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Мына суы дұрыс емес, дат су ішеміз қазір біз. Қазір үйден барып алып келейін сіздерге көресіңдер қандай су ішіп отқандарымызды.
Ал әкімдік өкілі алаңдауға негіз жоқ дейді. Бәрі бақылауда екенін айтты.
БЕРІК АҚДӘУЛЕТОВ, ҮШҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
Барлау жұмыстары жүріп жатыр, ешқандай 2 жыл болды, су қорын таба алмай жатыр. Жаңағы ет комбинатына тек ауыз суды пайдалануға ғана, өздеріне техникалық су алу үшін олар өйткені 100 тоннанадан куб жоғары су пайдаланатын болп жатса олар өздерінің скважиналарын жасауға жобаларында бар.
Халық өндірістің салынуына қарсы емес. Тек тұрғындардың ауызсуына тәуелді болмаса дейді. Сондықтан билік нақты шешім қабылдағанын қалайды.