«Әділет» партиясының «Мектепке нық қадаммен!» республикалық акциясы аясында балаларға жаңа оқу жылына арналған «Сәттілік сөмкелері» табысталды
Алматы қаласының Алатау ауданындағы 100-ден астам жеткіншекке, сондай-ақ әскери қызметшілердің бірінші сыныпқа баратын балаларына мектепке қажетті құралдар салынған сөмкелер берілді. Әлеуметтік бастама өмірлік қиын жағдайға тап болған, қосымша қолдауды қажет ететін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңа оқу жылын сеніммен бастауға мүмкіндік беруге бағытталған. Іс- шараға қала мәслихатының депутаттары қолдау көрсетті.
ЖАРҚЫН АЛДАМБЕРГЕНҚЫЗЫ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Акцияның бүгінгі жалпы мақсаты балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсету, балалардың қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп, жаңа оқу жылын өз қатарларымен бірге әрі уақтылы, және ең бастысы нық сеніммен бастауына жағдай жасау. Сондықтан бүгінгі акция «Мектепке нық қадаммен.
"Мектепке нық қадаммен" қайырымдылық акциясы Шымкент қаласында да бірнеше жерде өтіп жатыр. "Әділет" партиясының бастамасымен белсенділер, депутаттар барлығы бірлесіп, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға өздерінің көмегін көрсетуде. Мектепке ұстайтын сөмкенің ішіне қажеттті оқу құралдары түгел салынған. Бүгінге дейін 500 дей балаға осынай сөмке құрал жабдығынан табысталды.
ГҮЛМИРА БАТЫРОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
Ең кішкентай ұлымды алып келдім, 4-класс. Соған керек-жарақтарын алдық Әділет партиясының қолдауының арқасында. Алғысымды айтамын. Ашып көрдік. Өте керемет, әдемі. Оны мысалыға өзім алатын болсам оның ішінде 25-30 мыңның заты бар. Рақметімді айтамын. Ризамыз.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Енді әрі қарайда бұл жалғасын табатын болады. 1-қыркүйекке дейін біз мыңнан астам балаларға осындай сөмкелерді құрал-жабдықтармен табыстаймыз деген жоспарымыз бар.