Непал мен Қытай шекарасы аумағында болған су тасқыны салдарынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, жағдай Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.
Айта кетейік, Непал-Қытай шекарасында болған су тасқынынан кейін жүздеген турист жоғалып кеткен.