Баянауыл ауданындағы Ақбет тауынан бес турист құтқарылды

Фото: ТЖМ

Павлодар облысының Баянауыл ауданында, Жасыбай демалыс аймағында ТЖМ құтқарушылары бес туристке, оның ішінде үш балаға көмек көрсетті.

Туристер Ақбет тауына көтерілген, алайда өз беттерінше төмен түсе алмаған. Құтқарушылар арнайы жабдықтардың көмегімен туристерді таудан қауіпсіз жерге түсірді.

Бес турист те аман-есен эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ ескертеді: тауға шығар алдында өз мүмкіндіктеріңіз бен ауа райы жағдайын бағалаңыз, қауіпсіз бағытты таңдаңыз және жақындарыңызға баратын бағытыңыз бен қайту уақытыңыз туралы хабарлаңыз.