Жаңа Бюджет кодексінен цифрлық экономикаға дейін: Президенттің тапсырмалары бойынша Үкімет жұмысының негізгі нәтижелері

Фото: Үкімет

Мемлекет басшысының Жолдауларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет мемлекеттік қаржы, инфрақұрылым, инвестициялар, цифрландыру және әлеуметтік саясат саласындағы кешенді жұмыстары жалғастыруда.

Жалпыұлттық жоспарларда 180 іс-шара қарастырылған, олардың кейбіреулері орындалды, қалғандары қарқынды жүзеге асырылуда.

Салық есептілігі 30%-ға қысқарды

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданысқа енді. Онда салықтар санын 20%-ға азайтылды, жеңілдіктер жүйесі қайта қаралып, сараланған мөлшерлемелер енгізілді. Салық жүйесі инвестицияларды ынталандыруға және «байлыққа салынатын салықты» арттыруға бағытталған. Салықты әкімшілендіру Smart Data Finance жүйесінің көмегімен цифрлық форматқа ауысуда. 

Жаңа Бюджет кодексі мемлекеттік шығыстардың тиімділігін күшейтті

Кодексте экономикалық тиімділігі жоғары мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мен басымдық беру сапасына баса назар аударылған. Өңірлердегі кассалық алшақтық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік беретін бюджеттік өтімділікті басқарудың жаңа тетіктері енгізілді.

Энергетика мен коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға 13 трлн теңге қарастырылған

Ұлттық жаңғырту жобасы 200-ден астам инфрақұрылымдық кәсіпорынды қамтиды. 2025 жылы 6,6 мың шақырым инженерлік желі жөнделді, сегіз коммуналдық кәсіпорын «қызыл аймақтан» шығарылды. 2026 жылы тағы 12 мың шақырым желіні жөндеп, тағы сегіз кәсіпорынды тозу аймағынан шығару жоспарлануда. Сонымен бір мезгілде, Smart Turmys коммуналдық инфрақұрылымды бақылаудың бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылады.

Цифрлық кодекс және экономика үшін жаңа ережелер

Қаңтар айында қабылданған Цифрлық кодекс платформалық экономика, үлкен деректер және ЖИ үшін бірыңғай қағидалар қалыптастырды. Сонымен қатар азаматтардың цифрлық құқықтары мен жасанды интеллектіні қауіпсіз дамыту қағидаттарын бекітеді.

Инвестициялар: капитал тартудан жобалардың сапасына дейін

Инвестициялық саясат қосылған құны жоғары жобаларға ойыса бастады. Инвесторды сүйемелдеудің бірінші өтініштен бастап жобаны жүзеге асыруға дейінгі толыққанды жүйесі қалыптасуда. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның халықаралық желісі кеңейіп, «Бәйтерек» холдингі жанынан Investment Board құрылып, «бір терезе» қағидаты бойынша Kazakhstan Investment House іске қосылуда.

АӨК-те ғылыми әзірлемелерді енгізу үлесін 40%-ға дейін жеткізу жоспарлануда

Аграрлық ғылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі жол картасы бекітілді. Ол цифрлық технологияларды енгізуді, ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңғыртуды және зерттеулерді бизнестің нақты қажеттіліктерімен тығыз байланыстыруды көздейді.

Құрылыс кодексі қалаларды дамытудың жаңа ережелерін белгілейді

2026 жылдың қаңтарында қабылданған Құрылыс кодексі қала құрылысын реттеудің жаңа негізін қалады. Оның негізгі міндеттері — адамдар мен нысандардың қауіпсіздігі, рәсімдерді оңайлату және цифрландыру, сапа мен жауапкершілікті арттыру, инфрақұрылым мен жайлы қалалық ортаны дамыту.

Мемлекет басшысының жолдауларын жүзеге асыру ел дамуының негізгі бағыттарын — мемлекеттік қаржы мен инфрақұрылымнан цифрландыруға, инвестициялар мен адами капиталға дейін қамтиды. Негізгі назар нақты шешімдерге, басқару тиімділігін арттыруға және экономиканы технологиялық жаңартуға аударылып отыр.

Президент тапсырмаларын жүзеге асырудың негізгі нәтижелері туралы PrimeMinister.kz редакциясының шолуында оқи аласыздар.