Қазақстанның электрондық кітапханасын әлемнің 125 елінде оқиды

фото: pixabay

Қазақстандық Ұлттық электрондық кітапхананы (ҚазҰЭК) шетелдіктер де белсенді пайдаланады. Қазір платформада әлемнің 125 елінен пайдаланушы тіркелген. Бұл көрсеткіш бір жылда 15 елге артқан. 

Жыл басынан бері ҚазҰЭК порталы 865,3 мың рет қаралған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49%-ға көп. 

Қашықтан пайдаланушылар саны да 33%-ға өсіп, 359,7 мың адамға жетті.

Цифрлық қорға да сұраныс жоғары. Сегіз айда электрондық көшірмелер 5,4 млн-нан астам рет қаралып, 1,2 млн-ға жуық рет жүктелген. 

Жыл басынан бері электрондық қойма тағы 3606 көшірмемен толықты. Қазір онда барлығы 341 637 файл сақтаулы.