Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Құрылтай депутаттарына куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.
Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында депутат ретінде тіркелген сәттен басталатынын атап өтті.
Отырыста баяндама жасаған ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясы бес саяси партиядан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының 145 депутатын тіркеуді көздейтін қаулы жобаларын әзірлегенін хабарлады. Осыған байланысты «Әділет» партиясынан 110 депутат, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан 8, «Ауыл» партиясынан 10, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан 8 және «Respublica» партиясынан 9 депутат тіркелді.
Іс-шара соңында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Құрылтай депутаттарына куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.