Түркістан облысында үйге басып кіріп, иесіне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының тұрғынына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Бетперде киген белгісіз екі адам үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат бойы  аяусыз ұрып-соғып, ұялы телефонын алып кеткен.  Полиция күдіктілердің жеке басы мен жасырынған жерін анықтап, қамауға алды. Екеуі де-жұмыссыз. Ұсталғандардан жәбірленушінің телефоны тәркіленді.

АЗАТ МҰСЫРМАНҚҰЛОВ, ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жедел іздестіру кешенді іс-шараларының барысында күдіктілер ұсталып, бас шарасы қамауға алынды. Күдіктілердің екеуі де Төлеби ауданының тұрғындары. Тергеп -тексерудің барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.