Астанада есірткі таратқан күдіктілер ұсталды

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2026

Астанада Telegram арқылы есірткі таратқан 19 жастағы екі студент ұсталып, сот шешімімен 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардан аса ірі мөлшерге жататын мефедрон тәркіленген. Ал тағы екі әйел пәтерді есірткі сақтайтын жасырын қоймаға айналдырған. Олар жалға алынған пәтерден курьерлерге беруге арналған алдын ала оралған заттарды алып шығып бара жатқанда ұсталды. Тінту кезінде жалпы салмағы шамамен 2 келі есірткі тәркіленді. Қазір олардың қылмыстық схемаға қатысы болуы мүмкін басқа да тұлғалар анықталып жатыр.

АИДА САТЫЛҒАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Жедел-іздестіру шаралары барысында 35 жастағы әйел мен оның 27 жастағы танысы анықталды. Олар жалға алынған пәтерде есірткіні өлшеп, буып-түйіп, курьерлер арқылы таратуға дайындаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.