Батыс Қазақстан облысында қызылша ауруы 16 есе өсті

Батыс Қазақстан облысында қызылша ауруын жұқтырғандардың саны тағы да көбейді. Былтырғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 16 есе артқан. Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі дерт ауа арқылы жұғады. Сондықтан оның таралу қаупі өте жоғары. Егер баланың денесіне бөртпе шығып, көзі қызарса, қызуы көтеріліп, жөтелі күшейсе, тезірек емдеткен жөн. Ал ауруы асқынып кеткен бүлдіршіндердің құлағы қабынып, оның соңы пневмонияға ұласуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, науқастардың көбі кезінде екпе алмаған балалар көрінеді. Олардың ішінде бір жасқа толмаған сәбилер де бар. 

ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА БҚО САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ:

2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша біздің облыста ауа тамшылық жұқпалы аурулардың көбеюі байқалып отыр. Бұл жаңағы көкжөтел және қызылша. Қызылшаны айта кететін болсақ, 2025 жылдың 7 айында барлығы 18 жағдай тіркелсе, осы 2026-да 280 жағдай тіркеліп отыр. Бұл енді ең басты тиімді алдын алу қайткен күнде де екпе алу.