Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын ресми түрде тіркеді. Яғни, бүгіннен бастап олардың өкілеттілігі күшіне енді. 5 саяси партиядан шыққан 145 депутат куәліктері мен төсбелгілерін алды. Бір палаталы Парламент төрінде «Әділет» партиясынан 110, «Ауыл» партиясы 10, «Respublica»-дан – 9, ал ЖСДП мен «Ақ жол» партияларынан 8 депутат отырады.
НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Құрылтай депутаттары тікелей сайлау құқығы негізінде сайланды. Сайлау науқанының барлық кезеңдері заңнама талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылды. Депутаттық мандат — халықтың сенімі мен таңдауының нәтижесі, ал Құрылтай депутатының мәртебесі әрқайсыңызға еліміз мен халқымыздың алдында үлкен жауапкершілік жүктейді.