Астанада көпқабатты үйдің терезесінен дәрет сындырған тұрғвн 10 тәулікке қамауға алынды

фото скрин

Астанада полиция Айтеке би көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен дәрет сындырған ер адамды анықтады.

Құқық бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол — 43 жастағы елорда тұрғыны, Ақмола облысының тумасы  болып шықты.

Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың ар-намысы мен тыныштығына нұқсан келтіретін әрекеттерге  міндетті түрде заң аясында тиісті шара қолданылады.