Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай мен Үкіметтің құрамы толық жасақталған соң, Жолдауын жария етпек.
«Ата заңға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады. Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге Вице-Президенттің және Премьер-Министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын», - деді Тоқаев.
Ал, Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң Тоқаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жария етеді.
«Жолдауда көтерілген барлық бастаманы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс. Лауазымды тұлғалардың бәрі, әсіресе, қызметіне енді кірісетін азаматтар алдымызда тұрған ортақ мақсат-міндеттерді білуі керек», - деді Тоқаев сөз соңында.