Ақтөбе қаласында дәмханалардың бірінде ер адам таныс әйелді қонақ етіп, бірге ішімдік ішкен. Отырыс кезінде әйел ер адамның телефонын ұрлап, кейін әйелдер бөлмесіне шығуға сылтау тауып, жәбірленушінің есепшотынан өзінің танысының шотына 840 мың теңге аударған.
Ақшаның жоғалғанын ер адам келесі күні, есін жиып, банк шотын тексерген кезде бір-ақ білген. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Өкінішке қарай, күдікті аударылған ақшаны өз қажетіне жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.