Құрылтай депутаттары ант беруде

фото скрин

Бүгін Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтіп жатыр. Қазір жаңадан сайланған депутаттар Қазақстан халқына ант беруде.

«ҚР Конституциясының 54-ші бабына сәйкес Құрылтай депутаттары Қазақстан халқына ант береді. Осыған байланысты салтанатты түрде ант беру рәсіміне кірісуге рұқсат етіңіздер», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сайлау қорытындысы бойынша бес саяси партия Құрылтай құрамына өтті. Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерін бекітіп, 145 депутаттың мандатын бөлді.

Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Олар бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды.