Әр заңның, әр шешімнің артында нақты мақсат тұр, - А. Дәдебай

фото скрин

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай алғаш құрылған Құрылтайдың спикері болып сайланды. Оның кандидатурасын бүгін Құрылтайдың бірінші сессиясын ашқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді. Оны қолдап, 144 депутат дауыс берді.  

 

Конституцияға сәйкес Құрылтай төрағасы жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Жасырын дауыс беруге арналған тізімге депутат Дәдебай Айбек Арқабайұлы енгізіледі, - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтайдың жалпы отырысында.


Айбек Дәдебай Құрылтайдың барша депутаттарына қолдағандары үшін рахмет айтты.

 

Президентіміз бүгін алдағы жұмыс бағытымызды және нақты міндеттерді айқындап берді. Елімізде жүзеге асып жатқан реформалар мен ауқымы бізден байыпты шешімдер мен кәсіпқойлықты және қажырлы еңбекті талап етеді. Сонымен қатар, әр заңның, әр шешімнің артында нақты мақсат тұр. Ол – еліміздің одан әрі дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттігімізді нығайтып, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру. Бұл жұмыстың негізінде халқымыз жаппай қолдаған жаңа Конституцияның құндылықтары мен қағидаттары жатуға тиіс. Басты міндет – оңөзгерістер нәтижесі халықтың күнделікті өмірінен көрініс табатын, заң мен тәртіп орныққан Әділетті Қазақстанды бірге құру ісін жалғастыру, – деді Құрылтай спикері.