«Астана» арнасында тұсаукесер!

Бір жүрек. Екі ана. Бір құпия. Осы құпия екі отбасының тағдырын түбегейлі өзгертеді. «Астана» телеарнасы шытырман оқиғаны арқау еткен «Жат өмір» атты жаңа түрік телехикаясын ұсынады.

Сериалдың басты кейіпкері - Аслы. Жүрегінің ауыр сырқатына байланысты ол ұзақ уақыт бойы трансплантация кезегін күтеді. Күнделікті өмірін жасанды жүрек құрылғысымен жалғастырған қыздың арманы - қатарынан қалмай, қалыпты өмір сүру. Алайда, тағдыр оған мүлде күтпеген сый жасайды.

Бай әрі беделді отбасының қызы Мелике жол апатынан қаза табады. Оның жүрегі Аслыға салынып, жас қыз өмірге қайта оралады. Мелике үшін қайғыдан қан жұтқан анасы Рейхан енді қызының жүрегін алып жүрген Аслыға ерекше жақындық сезінеді. Ал Аслының анасы Хүлияның бұл жағдайға көзқарасы мүлдем бөлек. Бір жүректің соғысы екі шаңырақтың өміріне қандай өзгеріс әкеледі? Сүйіспеншілік пен құпия, үміт пен өкініш тоғысқан жаңа телехикаяны 31 тамыздан бастап күн сайын сағат 21:00-де «Астана» арнасынан тамашалаңыздар!