Ақтөбеде ірі көлемдегі пәтер ұрлығына күдікті ұсталды

Polisia.kz

Пәтер ұрлығының алдын алу және оның жолын кесуге бағытталған мақсатты жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында жедел уәкілдер қажетті кешенді шараларды жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұрлықтың бірі Ақжар-2 тұрғын алабында болған. Түнгі уақытта үй иелерінің екінші қабатта ұйықтап жатқанын пайдаланған күдікті үйге кіріп, ақша қаражаты мен алтын әшекейлерді ұрлаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 2 миллион теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жедел уәкілдер күдіктінің осы тұрғын алабында жасалған тағы бір пәтер ұрлығына қатысы бар екенін анықтады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.