Алматыда тексерілген әр төртінші көлік экологиялық норма мен талаптарға сәйкес келмейді. Қалада автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтарды бақылау жұмысы жүріп жатыр. Eco Almaty компаниясының мәліметінше, биыл мониторинг барысында 5 496 автокөлік тексерілген. Оның 1 301-і, яғни тексерілген әр төртінші көліктен пайдаланылған газдар құрамындағы зиянды заттардың белгіленген нормативтерден асып кеткені анықталған. Заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.