Бір апта ішінде Қазақстанда алма, қырыққабат және картоп бағасы төмендеді

Фото: baq

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасытөмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 

2026 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша, есепті апта ішінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағалардың төмендегені байқалды.

Қандай азық-түлік арзандады?

Апта ішінде пияздың бағасы 4,8%ақ қауданды қырыққабаттың бағасы 4,6%картоп 2,9%, сәбіз 2,4%алманың бағасы 1,1%-ға төмендеді.

Өңірлер бөлінісінде еліміздің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды.

Өңірлерде баға қандай?

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қонаев қаласында 0,4%-ғаАтырау, Жезқазған және Көкшетау қалаларында 0,2%-ға, Алматы, Қызылорда, Орал және Өскемен қалаларында 0,1%-ғатөмендеді. Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Тараз, Талдықорған және Түркістан қалаларындабағалар өткен апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша орташа баға

Республика бойынша пияздың орташа бағасы 1 килограмына 179 теңгені құрады. Ең төмен бағаТүркістан қаласында – 1 килограмына 135 теңге деңгейінде тіркелді.

Ақ қауданды қырыққабаттың республика бойынша орташа бағасы 1 килограмына 176 теңгеніқұрады.Ең төмен баға Тараз қаласында – 132 теңге.

Республика бойынша картоптың орташа бағасы килограмына 241 теңгеніқұрады. Ең қолжетімді бағалар Павлодар қаласында – 177 теңге, Қостанай қаласында – 194 теңге деңгейінде тіркелді.

Қызанақтың орташа республикалық бағасы 1 килограмына 546 теңгеніқұрады. Ең қолжетімді баға Тараз қаласында – 315 теңге деңгейінде қалыптасты.