277 келі: Атырауда бекіре балығын заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Фото: pixabay

Тексеру барысында салмағы 277,4 келі бекіре тұқымдас балықтары табылып, тәркіленді

Атырауда 277 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталды.

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Нұрсая ықшам ауданында күдік тудырған Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында салмағы 277,4 келі бекіре тұқымдас балықтары табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынды, - деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - дейді полицейлер.