Непал мен Қытай шекарасында тағы бір қазақстандық жоғалған болуы мүмкін

Фото: Синьхуа

Тағы бір отандасымыз Непал мен Қытай шекарасында жоғалған болуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Бұған дейін аталған ведомство Непалда жоғалғандар арасында қазақстандық екі азаматтың бар екенін айтқан болатын.

26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында жойқын сел жүріп, Бхотекоши және Тришули өзендерінің аңғарындағы елді мекендерді, жолдар мен көпірлерді қиратып кетті.

Табиғи апат салдарынан Рейтерстің хабарлауынша 620-дан аса адам қаза тауып, 3 мыңға жуық адам жоғалып кеткен.