Бүгін – Кеншілер күні

Фото: freepik

Бүгін, тамыздың соңғы жексенбісінде, еліміздің экономикалық тірегі саналатын, жер астындағы ең ауыр да абыройлы мамандық иелерін ұлықтайтын ерекше күн.

Себебі кен өндіру - бұл еліміздің индустриалдық қуатының негізгі арқауы, аса маңызды стратегиялық энергетикалық ресурсы, Қазақстанның болашағы үшін өте маңызды сала болып табылады.

Кеншілердің қажырлы еңбектері Отанымыздың игілігіне қызмет етуде. Шахтёрлардің ел экономикасын арттыруға қосып отырған үлесін Президент әрқашан жоғары бағалап келеді. Мамандыққа адалдық, кәсіптің маңыздылығын түсіну, еліміздің болашағы үшін жауапкершілік, қай буынның болмасын басты мұраты.